Депозитті толтыру

Астана Банкінің депозиттері мен ағымдық шоттарын толтыру:

1. Астана Банкінің бөлімшелері.

Есептеу: мезеттік, комиссиясыз.

Шотты толтыру үшін ақша жолдаушының жеке тұлғасын куәландыратын құжат пен шот иесінің мәліметтерін ұсыну қажет: ТАӘ, ЖСН+шоттың соңғы 6 саны (IBAN).

2. Астана Банкінің төлем терминалдары..

Есептеу: 15 минут ішінде (сағат 9:00 - 17:00 аралығында толтыру жағдайында) немесе келесі операциялық күні (сағат 17:00 кейін, және демалыс / мерекелік күндері толтыру жағдайында), комиссиясыз.

1 төлемнің тәулігіне максималды төлеу сомасы – 500 000 теңге.  Шотты толтыру үшін шот иесінің мәліметтерін енгізу қажет: ТАӘ, ЖСН және шоттың соңғы 6 саны (IBAN);

3. Ғаламтор және Мобилді банкинг:  кез-келген шотқа банк ішілік аударым.

Есептеу: мезеттік, комиссиясыз

Аударымның минималды сомасы: өз шоттарының арасында – шектеусіз,  үшінші тұлғалар пайдасына – тәулігіне 2 000 000 теңгеден астам емес.

4. «Қазпошта» АҚ бөлімшелері.

Есептеу: 1 - 3 жұмыс күн, сомадан 1%, мин. 150 теңге.

Шотты толтыру үшін ақша алушының мәліметтерін білу қажет: ТАӘ, ЖСН мен банкілік шоттың 20-мәнді нөмірі (IBAN) және Банк коды – 4850

5. QIWI –терминалдары.

Есептеу: 1 - 3 жұмыс күн, сомадан 2%.

Шотты толтыру үшін ақша алушының мәліметтерін білу қажет: ТАӘ, ЖСН мен банкілік шоттың 20-мәнді нөмірі (IBAN)