Барлық жаңалықтар
Астана Банкі дебиторлық берешек проблемасын шешуге көмектеседі.

2014 жылғы 04 шілдеде, Алматы қаласында, Астана банкі, мұның арқасында қазақстандық кәсіпкерлер ағымдағы берешектер проблемасын шеше алатын, шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған факторинг қызметін іске қосады. Банк қолдағы бар дебиторлық берешекті, қолма-қол ақшаға айырбас ретінде шамалы жеңілдікпен сатып алуға дайын.

Өндіріс және өнімдерді жеткізу саласындағы қазақстандық кәсіпкерлер, көптеген серіктестерімен төлем жасауды кейінге қалдыру шарттарында жұмыс істеуге мәжбүр, бұл сатып алушылар тарапынан айтарлықтай дебиторлық берешек проблемасының пайда болуына алып келеді, бұл әсіресе бөлшек сауда желілері немесе ірі көтерме сауда компаниялары тәрізді ірі клиенттермен жұмыс жасайтын өнімді жеткізуші компанияларға тән. Кәсіпкерлер көптеген айлар бойына сатылымдар көлемдерін жылдам арттыруға және өздерінің бизнестерін дамытуға мүмкіндіктері болмай, өздерінің айналымдарындан айтарлықтай қаржы құралдарын шығаруға мәжбүр.


Даурен Кумпеисов, “ Астана Банкі ” Басқарма төрағасы
«Өздерінің операциялық қызметтерін тоқтатушы қазақстандық компаниялардың  40% дейінгі мөлшері, бизнестен кіріс қаржы ағындарының азаюына байланысты шығады. Дебиторлық берешектер көлемдерінің артуы кәсіпкерлерді, өздерінің компанияларының дамыту және басқару  сұрақтарын шешудің орнына, қарыздарды жинаумен айналысуға мәжбүрлейді. Статистикаға сәйкес шағын және орта бизнес берешектерін қайтару үшін жылына 120 күнге дейін жоғалтады, оның орнына факторингтің көмегімен қазақстандық бизнесмендер бұл уақытты, өз бизнесінің операциялық сұрақтарын шеше отырып және өндірістік үдерістерді оңтайландыра отырып неғұрлым тиімді пайдалана алар еді! Алдыңғы тәжірибені негізге ала отырып, көтерме өнім жеткізушілер факторинг қызметін пайдаланған жағдайда, құралдардың айналымдылығын  үш есеге арттыруға және сатылымдар көлемдерін арттыруға болатынын растауға болады!».


Астана Банкі Факторинг қызметінің көмегімен қарыз ақшаны пайдаланбастан, дебиторлық берешектер және айналым құралдарының жетіспеуі проблемаларын шешуді ұсынады. Факторингтің мақсаты төмендегідей болып табылады: сатып алушыға тауарды немесе қызметті төлемді кейінге қалдыру арқылы ұсынған кәсіпкер, Банкке берешек сомасын ақшалай талап ету құқығын шамалы жеңілдікпен «сата алады», ал алынған қаржы құралдарын өзінің қарастыруынша пайдалана алады. Банк өз кезегіндесатып алушыдан берешек бойынша өтемді шартпен белгіленген мерзімдерде алатын болады. Кәсіпкерлерге несие алудың қажеті жоқ, кепілдік мүліктің немесе қандай да бір кепілдікті ұсынудың керегі жоқ. 


Банк клиенттерді қаржыландырудан, сатып алушының өнімді жеткізулер бойынша берешегі жағдайын бақылаудан, атап айтқанда берешектер бойынша дебиторлармен жұмыстан; төлем жасау мерзімінің келгендігі туралы хабарландыру, дебиторлармен салыстырма тексерулерді жүргізу, өнім берушіге дебиторлық берешектің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттарды ұсыну, сонымен қатар ағымдағы операциялар мен олардың тарихы бойынша аналитика жүргізуден тұратын факторинг саласындағы қызметтердің тұтас кешенін ұсынады.


Қазақстанның ұлттық факторингтік қауымдастығының (ҰФҚ) деректеріне сәйкес, Қазақстандағы факторингтік компаниялардың жиынтық айналымы 7 млрд.теңгеден астам соманы құрады, 2014 жылғы 01 қаңтардағы жиынтық портфель 1 545 млн. теңгеге (1, 545 млрд. теңгеге) жетті. Сонымен бірге, жыл қорытындысы бойынша бүкіл қазақстандық факторинг нарығының жиынтық айналымы 17 млрд. теңгені құрайды, 2014 жылғы 01 қаңтардағы портфель көлемі – 4 329 млн. теңгені (4, 329 млрд. теңгені) құрады. Батыс Еуропа елдерінің, АҚШ және Ресейдің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей дебиторлық берешектің 70%-ға дейінгі көлемі  банк-факторлар мен факторингтік компанияларға беріледі.


Қосымша ақпараттар үшін келесі ұсынылған байланыстар бойынша хабарласыңыз:
Асем Нургалиева
+7 701 977 02 10
a_nurgaliyeva@baf.kz