Барлық жаңалықтар
Астаналық тәсіл

«Астана Банкі» өзінің жаңғыруының кезекті кезеңін бастайды.


Forbes (Kazakhstan), Данияр Куаншалиев


Ағымдағы жылдың мамыр айындағы «Астана-Финанс» банкінің «Астана Банкі» болып ребрендинг өткізілуімен байланысты, біз мұндай шешімнің негізінде қандай шешімдердің болғандығы, сонымен қатар дамудың болашағы туралы банк акционерлерінің бірі – Олжас Тохтаровтан сұрап білуді шештік.


Олжас Танирбергенович, ребрендинг өткізу шешімінің немен байланысты екендігін айтыңызшы? Бұл банктің жаңа басшылығы барлығын жаңадан бастағысы келеді дегенді білдіреді ме?


2013 жылы біз, яғни акционерлер, негізгі мақсаты Қазақстанның қаржылық нарығының жалпы жағдайын зерттеу және банк саласына одан әрі ену сценарийі болған арнаулы зерттеу тобын жинақтадық. Біз барлығын егжей-тегжейлі талдадық және өз таңдауымызды «Астана-Финансқа» тоқтаттық. Бұл шешім бірнеше себептер бойынша қабылданды. Біріншіден, банк активтерінің 2009 жыл мен 2013 жылдар аралығында бес есеге ұлғаюы. Екіншіден, басқа қаржылық институттарға қарағанда «Астана-Финанс» банкі, біздің пікірімізше біз енгізгіміз келген дамудың жаңа тұжырымдамасы талаптарына неғұрлым сәйкес келді, және банкте филиалдардың желісі және басқару аппараты үлкен болмады – бұл ішкі бизнес-үдерістерді, құрылымды, бір сөзбен айтқанда банкті жаңғыртуға жылдам және оңтайлы қайта құруға мүмкіндік берді. Және банкті сатып алғаннан кейін біз ребрендинг өткізу бастамасыз көтердік. Айта кететін бір жайт, бұл компанияның бұған дейінгі тәжірибесі қате немесе нашар болды дегенді білдірмейді, бұл тек банк өз дамуының кезекті баспалдақтарының бірінен өткендігін және жаңғыруының кезекті кезеңіне табан басқанын білдіреді. Лого мен корпоративтік айдентиканы өзгерту – бұл аталмыш үдерістің атрибуттарының біреуі ғана.


 Неге сіздер тек осы атауды таңдадыңыздар?


Біз басынан бастап «Астана Банкі» деген атауды алғымыз келді. Өйткені, астанамыздың дамуының айтарлықтай динамикасы біздікіне өте ұқсас. Астана – дамуында жаңа технологиялар мен әлемдік тәжірибелер кеңінен пайдаланылатын инновациялық қала және астаналық банк болу біз үшін мақтаныш. Міне, сондықтан банктің логосимволында Астананың танымал символы пирамиданың суреті салынған, және банктің атауында астанамыздың аты бар.


Ребрендингтің негізгі идеясы, біз өзіміздің клиенттерімізге 24/7 үлгісінде жұмыс жасайтын, өзінің клиенттеріне – олардың жеке немесе заңды тұлға екендіктеріне қарамастан, Интернеттің ауқымды мүмкіндіктеріне пайдалана отырып максималды сапалы сервис ұсынатын алғашқы қазақстандық банкті ұсынғымыз келеді.


Қарапайым сөзбен айтқанда, біздің банкімізде клиенттерге өздерінің кестелерін банктің жұмыс кестесіне ыңғайлаудың қажеттілігі жоқ. Керісінше, тәулік бойғы қызмет көрсетудің арқасында, банк мамандары клиенттің сұраныстарын қабылдай, толықтай өңдей алатын болады және тәуліктің кез-келген уақытында шешім немесе банк өнімін ұсына алады. Мысалы, дүкендердің қожайындары өзінің сауда желілері жабылған сәтке дейін саудаға байланысты сұрақтармен айналыса алады және тек, сосын ғана қаржылық проблемаларды шешумен айналысатын болады. Немесе, басқа мысал, дайын қаржылық шешімді айтпай-ақ, нақты өнім бойынша анықтама немесе ақпаратты алу үшін, дәстүрлі банкте клиент нақты уақытын бөлуі қажет, банкке баруы қажет, бизнесті жүргізуден алшақтауы қажет. Біз клиентке оңтайлы түрде, қажетті шешімді және ақпаратты алуды ұсынамыз, мысалы, тек қана келіп және қандай да бір өнім туралы айтып ғана қоймай, сонымен қатар қашықтықтағы арналар бойынша оны алу бойынша тиісті рәсімдерді бастай беретін қызмет көрсетуші менеджердің келуіне тапсырыс береміз – іс жүзінде сіз банкке бармайсыз, ал банк сізге келеді және сізге қажет және оңтайлы орында қызмет көрсететін болады.


Бірақ, егер, оларды жүзеге асыратын команда болмаған жағдайда, қандай да болмасын жоспарлар қағаздағы жоспарлар болып қала береді. Сондықтан, банкті дамыту стратегиясын өзгерту туралы шешімді қабылдаумен бірге, басқарма төрағасы лауазымына тағайындалған Даурен Кумпеисов басқарған, басқарушылардың жаңа командасын қалыптастыру туралы шешім қабылданған болатын.


Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 01.04.2014 жылғы жағдай бойынша Астана Банкінің төлеу мерзімі өткен несиелерінің үлесі 15,3% құрайды (нарық бойынша орташа 38,5%).2010 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша аталмыш көрсеткіштің 34,5% деңгейінде болғанын ескере отырып, сіздер проблемалы қарыздардың үлесін қалайша төмендете алдыңыздар?


Банкті сатып алған алғашқы күннен бастап несиелік портфельді сауықтыру мәселесі басымдылықты болып табылды, өйткені 2016 жылғы қаңтардан бастап ЕДБ барлық қатысушылары үшін проблемалы қарыздардың үлесі (мерзімі өткен уақыты 90 күннен астам) 10% көлеміндегі шамасынан аспауы қажет.


Біздің жағдайымызда, мерзімі өткен берешегі бар несиелер үлесін төмендету, сапалы несиелік портфель көлемін арттыру есебінен орын алды. Мысалы, 2010 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін, портфель көлемі 8 есеге ұлғайды, 8 млрд 63 млрд теңгеге дейін.
Біз бұдан бөлек, бірнеше коллекторлық компаниялармен мерзімі өткен берешекті жинақтау бойынша бірлескен жұмысқа арналған аккредитацияны жүзеге асырдық, сонымен қатар жеке сот орындаушыларымен жұмыс істей бастадық, бұл банктің проблемалы берешегін қайтарудың тиімділігін арттырады.


Ағымдағы жылдың басында сіз және Ракишев мырза банк капиталын 5,1 млрд. теңгеге, 12,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайттыңыздар. Ал ағымдағы жылдың сәуір айында Ұлттық Банктің басшысы Қайрат Нематович Ұлттық банкте, банктердің капиталына қойылатын талаптарды 10 есеге арттыру, 10-нан 100 млрд. теңгеге дейін арттыру сұрағының қарастырылуда екендігін хабарлады. Егер, аталмыш идея жүзеге асқан жағдайда, сіздер банк капиталын 12,7 -ден 100 млрд. теңгеге дейін ұлғайтатын боласыздар ма?


ҚР ҰБ басшысы ұсынып отырған республиканың қаржылық секторын дамыту тұжырымдамасы заңды қолдау тапқан жағдайда, қазіргі банктерде бірнеше нұсқа бар. Біріншісі және ең қарапайымы – біреуге сатылу. Екіншісі, күрделірек – бұл бірігу және жұтылып кету. Үшіншісі – капиталдандыруды органикалық өсім есебінен ұлғайтуға тырысу. Және төртіншісі, тараптан қаржы құралдарын тарту, оның ішінде акционерлердің қаржыларын. Мен, бұған дейін айтып өткендей, біз нарықтың дамуының әртүрлі нұсқаларын қарастырдық және біздің орта мерзімді стратегияда мұндай өзгерістерді қарастырылған. Қазіргі сәтте біздің біреуге сатылғымыз жоқ, біз соңғы үш нұсқаны қарастыра аламыз.


 Банктің жаңа стратегиясымен байланысты, сіздер экономиканың қандай секторларында назар аударатын боласыздар?


Жаңа стратегияда банктің мүдделерінің салалары анықталған, мен олардың арасында ауыл шаруашылық жобаларын ерекше атап өткім келеді, өйткені бұл экономиканың болашағы зор секторы болып табылады. Мысалы, 2013 жылы ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 2,4 трлн. теңгені құрады, негізгі капиталға тартылған инвестициялар 142,1 млрд.теңгені құрады. Ауылшаруашылық  өнімдерінің экспорты көлемі в 2,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, өткен жылдың 11 айы бойынша КО елдеріне экспорттау 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, шамамен 65% ұлғайды. Сондықтан, біз Қазақстан экономикасының секторының келешегі зор деп санаймыз.


Біз, еліміздің ауылшаруашылындасапалы үрдіс дайындалып жатқанына сенімдіміз, бұл мұндай ұмтылысқа арналған құқықтық, экономикалық және қаржылық негіздері жасалынған, бейіндік ведомство - Ауылшаруашылығы министрлігінің жоспарлы және жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды. Сонымен бірге, жұмыс жоғары жақта емес, аумақтық органдармен тығыз байланыста орын алуда.


Ауылшаруашылығына шет елдік ірі агроөнеркәсіптік инвестициялық топтар, сонымен бірге бұған дейін ауыл шаруашылығы нарығын мұқият зерттеп отырған отандық ірі кәсіпкерлер тарапынан қызығушылықтардың артқанына назар аударыңыздар.


Бұл саладағы жобалар саны үздіксіз арту үстінде – бұл жылыжай шаруашылықтар, шаруа қожалықтары. Біз жаңа машиналарды сатып алудан бас тарта аламыз, жаңа электрониканы немесе жихазды сатып алуда үнемдей аламыз, ал тамақ және азық-түлік – бұл айналып өте алмайтын сұрақ.


Бұған қарамастан, егер, біздің клиенттер туралы айтатын болсақ – бұл шағын және орта бизнес, сонымен қатар орташа және одан да жоғары ауқатты жеке тұлғалармен жұмыс жасау – бұл бұлайша айтқанда біздің банкіміздің негізгі базасы.


Бұдан бөлек, орта мерзімді дамудың басым бағыттарының бірі – банктің аймақтардағы қызметін белсендіру, олардың ішінде Қарағанды облысын айрықша атап өту қажет. Әдетті, инновациялар және ІТ саласындағы жобалар тек Алматыда немесе Астанада ғана жүзеге асырылады деп саналады. Бірақ, бұл олай емес. Көрсетілген аймақта кәсіпкерлер ІТ және қайтадан өңдеу саласындағы жеткілікті перспективалы және сонымен бірге, технологиялық күрделі және кешенді жобаларды жүзеге асыруға кіріскен. Және біз өз тарапымыздан мұндай үлгідегі жобаларды жүзеге асыруға қатысуқанымыз үшін қуаныштымыз.


Қазіргі таңда банктің 5 филиалы бар, еліміздегі филиалдар санын ұлғайту болашақтағы жоспарларыңызда бар ма?


Әлемдік трендтер, шет елдік банктердің өздерінің кеңселерінің санын артыруға емес, оның орнына банк бөлімшелерінің виртуалдандыруға ұмтылатынын көрсетеді. Сондықтан, біз өзіміз мақсат тұтқан мақсатты аудиторияға қарай отырып, 150 мың тұрғындарға бір сату орнын ашуды болжап отырмыз. Яғни, орта қалалар үшін біз бір, максимум екі сату орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Үлкен қалаларда, әрине сату орындарының санын көбейтетін боламыз. Бірақ, сервисті жақсартуға ұмтылыс және банктердегі қызмет көрсетуді дербестендіру интернетке кетуде, өйткені қашықтықтағы банкинг – бұл банк саласының болашағы болып табылады. Неғұрлым көптеген адамдар кезекке тұруға жол бермеуге және, кезекте тұруға емес, оның орнына жаңа технологиялардың арқасында мүмкін болатын дербес менеджермен сұхаттасуға жұмсауға болатын өздерінің уақытын үнемдеуге ұмтылуда. Сондықтан, біздің пікірімізше болашағы зор қол жеткізудің қашықтықтағы қол жеткізу арналарын дамыта отырып, біз кеңселер туралы да ұмытпаймыз, бірақ олар әдеттегідей емес, бірақ олар туралы мен қазір айтпайтын боламын. Сіздерді жақын арада бастапқы көрсетіліміне жеке өздеріңізді шақыратын боламын. Бізде қазақстандықтарды таң қалдыратын шаралардың бар екендігіне сеніңіз.