Барлық жаңалықтар
Астана Банкі Standard&Poor’s рейтинг алды.

Астана Банкі («Банк «Астана-финанс» АҚ) Standard&Poor’s Несиелік рейтингтердің халықаралық Қызметінен ұзақ мерзімді «В-» несиелік рейтингін және - «Жағымды» болжамы бар «kzBB» ұлттық шәкілі бойынша рейтингін алғандығы жайында хабарлайды.


Standard&Poor’s Несиелік рейтингтер Қызметі мамандарының пікірі бойынша, Астана Банкіне берілген рейтингтер Банктің капиталдандыру мен пайдалылықтың «күшті» көрсеткіштерін, тәуекел бойынша «қалыпты» позицияларын, қорландыру мен өтімділігінің «барабар» көрсеткіштерін көрсетеді. Рейтингтерде сонымен қатар, банктің одан әрі дамуына мүдделі акционерлердің, салыстырылып отырған қазақстандық банктермен салыстырғанда, несиелік портфельдің шоғырлануының неғұрлым төменгі деңгейін сақтай отырып, Астана Банкінің бизнестің өсуін қолдау үшін капитал құюды жалғастыруды қамтамасыз етуге дайындықтары ескерілетін болады.


Айта кететін бір жайт, банкке Standart&Poor’s жақын арадағы 12 ай ішінде банк дамудың жағымды динамикасын жалғастыруын, ресурстық базаны біріздендіретін, сонымен қатар бөлшек депозиттер үлесін арттыруын болжауын көрсететін «Жағымды» болжамы берілген. Біздің пікірімізше бұл қысқа уақыт ішіндегі табысты нәтижелерінің айтарлықтай индикаторы болып табылады.


Даурен Кумпеисов, Астана Банкінің Басқарма Төрағасы


«Біз банк командасы 2013 жылы бастама көтерген және күн сайын жүйелі түрде жүргізіліп отырған жағымды өзгерістерінің, тиісті түрде аталып өткілгендігіне және бағаланғандығына қуаныштымыз.біз өзіміздің серіктестеріміздің және клиенттеріміздің назарларын, рейтингтік агенттіктің жағымды болжамына аударғымыз келеді, өйткені бұл таңдап алынған бизнес-стратегияға деген сенімнің жоғары деңгейін және рейтингтік агенттік тарапынан рейтингті жағымды жағынан қайтадан қарауға дайындығын көрсетеді. Ресурстық базаны біріздендіру, банктің пайдасын үш есеге арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар жағымды бағаларды алуға әкелгендіктеріне қарамастан, біз қол жеткізген нәтижелерге тоқтап қалмауға ұмтыламыз және өзіміздің рейтингімізді жақсарту бойынша қызметімізді жалғастырамыз!».


Бизнес-орта үшін Бнактің рейтингі бұл серіктестіктегі сенімділік пен дәйектіліктің, оның қаржылық жағдайы мен мүмкіндіктерінің көрсеткіші. Сонымен қатар, банктің рейтингі заңды тұлғалардан депозиттердің тарту бөлігінде, мемлекеттік құрылымдарға арналған және корпоративтік клиенттерге арналған сенімділіктің қосымша деңгейін көрсетеді.


Рейтингті алу Астана Банкіне қаржыландыру ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл қолдағы бар және әлеуетті клиенттерге арналған, оның ішінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған өнімдік ұсынылымдарда өз көрінісін табуы сөзсіз, сонымен қатар әр алуан салалардағы серіктестерімен әріптестіктің жаңа көкжиектерін ашатын болады.


Несиелік рейтингтер Қызметінің мамандары Астана Банкінің жаңа акционерлерінің, 2014-2016 жж. банктің несиелік портфелінің қалыпты өсуін қарастыратын, жаңа басқару командасының басшылығымен жақын арадағы бес жылға арналған Банктің даму стратегиясын анықтаған – екі қазақстандық ірі бизнесмендер Кеңес Ракишев пен Олжас Тохтаровтың ауқымды жоспарларын мүмкіндігінше бағалады.


Қосымша ақпарат үшін Банктің баспасөз қызметіне хабарласыңыз
Асем Нургалиева +7 701 977 02 10
a_nurgaliyeva@baf.kz