Барлық жаңалықтар
Астана Банкінің Ақтау қаласындағы филиалы Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған, әкімшілік кедергілерді төмендету және кәсіпкерлік белсенділіктің артуын ынталандыру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық Астана Банкінің Ақтау қаласындағы филиалы мен Маңғыстау облысындағы Аймақтық кәсіпкерлер палатасы арасындағы қол қойылған меморандумның мәні болды.


Тараптар бірлескен шараларды жүзеге асыру туралы келісті, атап айтқанда:

- екі ұйымның қызметкерлерін Банк пен Палата ұсынатын өнімдермен, қызметтермен, бағдарламалармен таныстыру туралы;

- кәсіпкерлерге Банк пен Палата ұсынатын өнімдер, қызметтер және бағдарламалар туралыақпарттар беру;

- кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды өткізу туралы.