Барлық жаңалықтар
Fitch Астана Банкіне «Тұрақты» болжамы бар «В» рейтингін берді.
2015 жылғы 29 қазан, Алматы қ.. Fitch Ratings Халықаралық рейтинг агенттігі «Астана Банкі» АҚ «Тұрақты» болжамы бар «В» деңгейіндегі эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін берді. Fitch пікірі бойынша, Астана Банкінің «В» деңгейіндегі рейтингтері, оның «b» тұрақтылық рейтингінде көрсетілген, банктің өзіндік несиеге қабілеттілігімен шартталған.  
 
Рейтингтік агенттік өзінің қорытындысында сонымен бірге, Астана Банкінің активтерінің сапасының ағымдағы көрсеткіштерінің, сектор бойынша орташа мәндерден неғұрлым жақсы екенін және банкің капиталдандыруының 2015 жылғы 8 айдың соңындағы жалпы капиталдың 11,7% жеткіліктігінің регулятивті көрсеткіштері жағдайында нақты болып табылатындығын көрсетті.
 
Банктің активтерінің көлеміне жағымды ықпал жасаған Банктің меншік капиталының қарқынды өсуі, ұлттық компаниялар түріндегі ірі клиенттер тарапынан сенімнің артуы, сонымен қатар халыққа және ШОБ арналған инновациялық өнімдердің іске қосылуы, - осылар және көптеген тағы да басқа жетістіктер Fitch агенттігінің сарапшыларының Астана Банкіне жаңа жағымды рейтингті беру туралы шешім қабылдауларына негіз болған.
 
 Искендер Майлибаев, «Астана Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы:
«Астана Банкінің» командасы кезекті рет, банктің дамуына жағымды көрініс берген жұмыстың жоғары нәтижесін көрсете алды. Fitch соңғы рейтингтері банктің шынайы қаржылық көрсеткіштерімен шартталған, және оларбанк секторындағы күшейген бәсекелестікке және әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, қаржылық институттың сенімділігі мен тұрақтылығы туралы ақпарат береді. Ең ықпалды және беделді залықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің шешімі – бұл «Астана Банкінің» жетістіктерін тағы да бір объективті тану болып табылады.
 
Анықтама үшін
 
 Астана Банкінің 2015 жылғы 1 қазандағы қаржылық көрсеткіштері:
  • Банк активтері жылдың басынан бастап 65,2 млрд.тг. немесе 51% ұлғайып 192,7 млрд.тг. құрады.
  • Несиелік портфель 47,9 млрд.тг. ұлғайды және 129,8 млрд.тг. құрады.
  • Банктің міндеттемелері жылдың басынан бастап 64 млрд.тг. немесе 58% ұлғайды және 173,9 млрд.тг. құрады.
  • Депозиттік портфель жылдың басынан бастап 29,7 млрд.тг. ұлғайды және 124,3 млрд.тг. құрады.
  • Банктің меншік капиталы 18,8 млрд.тг. құрады.
  • Банктің таза пайдасы 1,2 млрд. тг. Құрады.
Қосымша ақпарат алуға арналған байланыстар:
тел.: +7 (727) 259 60 60 (ішкі 12175)