Барлық жаңалықтар
Астана Банкі «Kazfranch-2015» көрмесінің үшінші форумына қатысты.

Астана Банкі мемлекеттің ШОБ қолдау бойынша бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде серіктесі бола отырып, Алматы қаласында ұйымдастырылған «Kazfranch-2015» көрме – форумына қатысты.


Kazfranch – отандық және шет елдік франшизаларды экспозициялауға арналған Қазақстандағы жалғыз алаң. Форумның ұйымдастырушысы Еуразиялық франчайзинг қауымдастығымен бірге «Даму» қоры болды.  Көрмеге меншік франшизаларын әзірлеген халықаралық және қазақстандық компаниялар қатысты. Ұйымдастырушылардың пікірлері бойынша, Kazfranch көрмесінің негізгі мақсаты франчайзингтік қарым-қатынастардың өсімін ынталандыру, франчайзинг саласы қатысушыларының тәжірибелерімен алмасуына арналған шарттарды жасау арқылы ҚР шағын және орта бизнесті сапалы дамытуға көмектесу болып табылады.


Астана Банкінің өкілдері өздерінің әріптестерімен бірге Ш\одан әрі ШОБ франчайзингтік жобаларын қаржыландыруға арналған екінші деңгейлі банктерде қаржы құралдарын шартты орналастыру бағдарламаларын талқылауға қатысты. Аталмыш жобаны «Даму» қоры ұмсынған болатын. 


Қазақстандағы франчайзинг нарығы жылына орта есеппен 15% өсіп отыр. Бүгінгі таңд франчайзингтік желілер саны 4558 франчайзиден тұратын  497 брендтен құралған. Франчайзинг нарығының айналымы жылына 3 млрд. долларға жетеді, ал секторда жалпы алғанда 30 000 дай адам жұмыс істейді.жылына қазақстандық кәсіпорындарды қамту пайызы ұлғаю үстінде.