Барлық жаңалықтар
«Инновациялық технологиялар паркі» Автономды кластерлік қоры және «Астана Банкі» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Салтанатты шара Алматы қаласында қор ұйымдастырған «Инновациялар аптасы» шеңберінде болып өтті. Аталмыш Меморандумның мәні «Инновациялық технологиялар паркі» қоры жобалары мен  TechGarden бизнес-инкубаторын дамытуға көмектесу мақсатында, бірлескен әрекеттерді жүзеге асыру, ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастықты өрістету, серіктестік қарым-қатынастарды орнату болып табылады.


Тараптар инновацияларды тиімді дамытуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша үйлестірілген әрекеттер  туралы, сонымен қатар әзірленген технологиялар мен өнімдерді енгізуге арналған шарттарды жасау және басым бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар туралы келісімдерге  келді.


Астана Банкі» АҚ жасалған меморандум «Инновациялық технологиялар паркі» қорына келесі перспективаларды ашатын болады:

– Банктің қолдауымен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру;
–  TechGarden бизнес-инкубаторын дамытуға арналған қажетті әлеуетті дамыту;
– инновациялық қызмет саласындағы инновациялық жобалар көрмелерін және шараларды ұйымдастыру және өткізу.


  «Астана Банкі» АҚ үшін «Инновациялық технологиялар паркі» қорымен ынтықтаса отырып жұмыс істеу отандық инновациялық әзірлемелер мен стартаптарды дамыту мен алға жылжытумен байланысты, бастамаларды қолдауға бағытталған, оның демеушілік жобаларының бірі болып табылады. Қормен бірлесе отырып жұмыс істеу жоғары технологиялық қызметтерді ұсынатын, Банктің өзінің даму тұжырымдамасымен сәйкес келеді. Банк әрқашан өзінің қызметі барысында өзінің клиенттеріне қашықтықтан қызмет көрсетуге арналған жаңа жүйелер мен мобильді қосымшаларды тұрақты түрде енгізеді және белсенді пайдаланады, бұл банк операцияларын жүргізуді оңайлатады және клиенттердің уақыты мен ақшасын үнемдейді.


 Анықтама үшін:

 «Инновациялық технологиялар паркі» (ИТП) Автономды кластерлік қоры 2015 жылғы 24 сәуірден бастап «ИТП» Инновациялық кластерін (Almaty Tech Garden) басқару органы болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жетекшілік етеді. Қамқорлық кеңесін Қазақстан Республикасының Президенті басқарады, Қордың Басқарушы комитетін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі басқарады.