Барлық жаңалықтар
Астана Банкі меншік капиталы көлемін 4,5 млрд. теңгеге арттырды.

2015 жылғы 18 қараша, Алматы қаласы – Астана Банкі (бұдан әрі – Банк)  меншік капиталын Банктің қарапайым акцияларын орналастыру жолымен 4 500 000 000 (Төрт миллиард бес жүз миллион) теңге сомасына ұлғаюы туралы хабарлайды.
Капиталдың ұлғаюы Банктің даму стратегиясы шеңберінде жоспарланған және оның тәуекелдерді жоққа шығаруға тұрақтылығы және капиталдың жеткіліктілігі көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған. Акционерлердің шешімі олардың Банк бизнесінің өсімін жоғары деңгейде қолдауғ ұмтылыстарын көрсетеді.


 – Біз акционерлердің – капиталды ұлғайту бойынша шешімдерін қолдаймыз. Бұл біздің стратегиямызды жүзеге асыру қарқынын сақтауға мүмкіндік береді. Акционерлік капитал максималды тиімділікпен пайдаланылатын болады және, ең бірінші кезекте біздің клиенттерге пайда әкеледі, - деп түсіндіріп өтті «Астана Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Искендер Майлибаев.    


 Банк акционерлерімен бірлесе отырып және бұдан да әрі, активтердің өсімі қарқынына сәйкес келетін, өзінің капиталдандырылуы деңгейін арттыруды жүзеге асыра бермек. Тартылған капиталдың бір бөлігі, банк карталары мен мобильді қосымша арқылы ұсынылатын, Банк қызметтерін неғұрлым белсенді дамытуға бағытталатын болады. Отандық банк секторында аналогы жоқ, заманауи қашықтықтан қызмет көрсету сервисін енгізу, Астана Банкінің стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады, өйткені банк карталарын мобильді қосымшамен бірге белсенді пайдалану, Банктің операциялық шығындарын қысқарту есебінен клиенттердің орын алуы мүмкін кедергілерін төмендететін болады.


Капиталдандырудың нәтижелері бойынша, 17.11.2015 жылы Астана Банкінің меншік капиталының шамасы 23 962 128 000 (Жиырма үш миллиард тоғыз жүз алпыс екі миллион жүз жиырма сегіз мың) теңге көлемінде қалыптастырылды.