Барлық жаңалықтар
Астана Банкі Алматы қаласындағы үшінші воркаут – алаңның ашылуын қаржыландырды.

Бүгін, 2 желтоқсанда, Алматы қаласындағы Наурызбай ауданындағы орналасқан № 187 орта мектепте, көше спортымен айналысуға арналған жаңа воркаут – алаң салтанатты түрде ашылды. Бас демеуші ретінде үшінші рет Астана Банкі қатысты. Алаңға арналған жабдықтарды «Кенгуру Казахстан» отандық компаниясы дайындады және монтаждады.


Салтанатты тұсаукесерге Наурызбай ауданының әкімі Куанышбек Кашкимбаев, Астана Банкінің Басқарушы директоры Марина Нурпеисова, «Кенгуру Казахстан» компаниясының Бас директоры Данил Аитов, қонақтар, қалалық БАҚ және № 187 орта мектептің оқушылары қатысты.


– Біз Астана Банкіне бөлінген қаржы құралдары үшін алғыс айтамыз, соның арқасында енді бұл мектептің өзінің заманауи спорттық алаңы бар. Өйткені жастарға тұрақты түрде спортпен шұғылданған аса пайдалы, - деді өз сөзінде Наурызбай ауданының әкімі.

– Астана Банкі үшін аталмыш алаңды қаржыландыру – тек бір реттік әрекет емес. Біздің ойымызша ақшамен ғана өлшенетін капитал ғана болмайды, одан да артық байлық бар – ол біздің адамдардың, еліміздің азаматтарының құрметі және алғыстары, - деп атап өтті Астана Банкінің Басқарушы директоры. 


Алаңның салтанатты ашылуынан кейін, Астана Банкі ендә әдетке айналған мектеп оқушылары арасында өткізілетін белтемірге тартылудан дәстүрлі жарысын ұйымдастырды. Ең күштілер Банк тарапынан спорттық сыйлықтар алды. Алғыс ретінде, мектеп оқушылары өлең оқып, ән салып және билеп шынайы концерт ұйымдастырды.


Аталмыш жобаның, оған сәйкес банк елу кросфитпен және воркаутпен шұғылдануға арналған алаңдардың құрылысын салуды қаржыландыру бойынша алған міндеттемелер алған, Астана Банкі мен Алматы қаласының әкімшілігі арасындағы қол қойылған меморандум шеңберінде жүзеге асырылғандығынын да айта кету қажет.