Барлық жаңалықтар
Ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар.
«Астана Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) ҚР Ұлттық Банкінің ұсынылымдарына сәйкес, Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ізін жасыруға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-әрекет бойынша функцияларды қамтамасыз ету мақсатында, Банктің тиісті шараларды өткізу туралы шешім қабылдағандығын Сіздерге жеткізеді.
 
Шаралар клиенттердің – заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаны банктен алу бойынша операцияларын шектеуге бағытталған және келесі ұсынылған шаралардан тұрады:
 
  1. 25 млн. теңгеге тең немесе бұл сомадан асатын қолма-қол ақшаны алуға міндетті түрде алдын-ала өтініштерді ұсыну бойынша рәсімдерді орнату, сонымен бірге өтінішті қарастыру мерзімі – 3 жұмыс күні;
  2. 25 млн. теңгеге, 75000 ЕУРОҒА, және фунт стерлингке, 80000 АҚШ долларына, 6,5 млн. рубльге тең немесе одан асатын (бұдан әрі – Шекті сома) қолма-қол ақшаны алғанда клиенттерге сауалнама жүргізу (чек-парақ бойынша); чек-парақ алынып отырған ақшаның жұмсалу мақсаты және қаржы құралдарының шағу тегі туралы сұрақтардан тұрады (аталмыш сұрақтарға неғұрлым егжей-тегжейлі жауап беру қажет);
  3. операция бойынша қосымша мәліметтер мен құжаттарды жинақтау;
  4. Шекті сома көлемінде операциялық күн бойына жасалынған, ақшаны алу бойынша бір немесе бірнеше операцияларды жасағаны үшін жоғары комиссияны бекіту;
  5. ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің тізіміне қосылған және жалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәуекелдері жоғары ұйымдармен іскерлік қарым-қатынастарды орнатудан бас тарту және қолданыстағы қарым-қатынастарды бұзу;
  6. клиент іскерлік қарым-қатынастарды  заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (ізін жасыруға) және лаңкестікті қаржыландыру мақсатында пайдаланғаны туралы күдік туындаған жағдайда (жасалынған операцияларды зерттеу қорытындылары бойынша), клиенттермен қолданыстағы іскерлік қарым-қатынастарды бұзу.
 
Жоғарыда көрсетілген шаралар ескерілген Банк пен клиенттің құқықтары мен міндеттері, Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелерде баяндалған. Аталмыш Ережелермен менеджердің жанында немесе Банктің сайтында «Тарифтер» (Бизнес клиенттерге) бөлімінде танысуға болады.
 
Банк жоғарыда баяндалғандарға байланысты өзінің барлық клиенттеріне – түсіністікпен қарауды және Банк қызметкерлерінің талап етуі бойынша, қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуда әртүрлі көмекті көрсетуді сұрайды.
 
Құрметпен, «Астана Банкі» АҚ