Құрметті клиенттер, Банкте қаржы жылын жабу бойынша жұмыстардың жүргізілуімен байланысты, Сіздерге келесіні хабарлаймыз:
Заңды тұлғаларға арналған «Интернет-Банкинг» және «Интернет-Клиент» жүйелері үшін:
- 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 00 сағ.- 00 мин. 2016 жылғы 05 қаңтардағы 09 сағ.- 00 мин. дейін валюталаудың болашақ күні қойылған электронды құжаттарды жіберу бойынша қызметтер қол жетімсіз болады;
- 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 13 сағ. 00 мин. - 2016 жылғы 05 қаңтардағы 09 сағ.- 00 мин. дейін салықтық, әлеуметтік, зейнетақылық, банк аралық, банк ішілік төлемдерді қабылдау бойынша қызметтер қол жетімсіз болады.
Жеке тұлғаларға арналған «Интернет- Банкинг» жүйесі үшін:
- 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 13 сағ. 00 мин. - 2016 жылғы 05 қаңтардағы 09 сағ.- 00 мин. дейін банк аралық, банк ішілік аударымдарды (төлем карталарын пайдаланумен байланысты операциялардан бөлек: картадан картаға ауыстыру, мультивалюталық картаның ішінде конвертациялау) қабылдау бойынша қызметтер қол жетімсіз болады. Өнім берушілер пайдасына төлемдерді қабылдау бойынша қызметтер қол жетімді болады.
Өз-өзіне қызмет көрсету терминалдары бойынша:
2015 жылғы 31 желтоқсандағы 13 сағ. 00 мин. - 2016 жылғы 05 қаңтардағы 09 сағ.- 00 мин. дейін келесі қызметтер қол жетімсіз болады: ҚР бойынша ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу;
«Астана Банкі» АҚ ашылған шоттар мен төлем жасау карталарын толтыру (оның ішінде, несиелерді өтеу, депозиттерді толтыру).