Барлық жаңалықтар
Енді Cashback Астана Банкінің несие карталарына да есептелінеді!
Астана Банкі, енді Сashback (құралдарды кері қайтару) сонымен қатар, несие карталарының иегерлерінің шотына да, жасалынған төлемдердің сомасынан – 0,8 %   көлемінде қайтарылатынын хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, бұрын бұл бағдарламаны тек Банктің дебеттік мультивалюталық карталарының иегерлері ғана пайдалана алған еді. Әрбір тауарды немесе қызметті төлегеннен кейін, Банк есептеуді жүзеге асырады және есептелінген Сashback күнтізбелік айдың соңында несие картасының шотына аударатын болады. 
 
Бір ай бойына есептелінген Сashback келесідей жолдармен ала аласыз:
 
– егер, аталмыш қызмет қосылған болса, Банктің SMS-хабарламасы арқылы;
 
–www.24.bankastana.kz сайтында «Шоттар және карталар» бөлімінде.
 
 
 Сashback ЕСЕПТЕЛІНБЕЙДІ:
 
– жалақылық жобалар қатысушыларына, электронды карточкалық шоттар иегерлеріне (virtuon), мильдік карталар иегерлеріне [ША4] ;
 
– Интернет-банкингте транзакциялар жүргізгенде және қызметтерге төлем жасағанда;
 
– банкоматтар, банк кассалары және басқа да ақша беру пункттері арқылы қаржы құралдарын қолма-қол алған жағдайда;
 
– қаржы құралдарын Банктің шотына және басқа банктердің шоттарына аударған жағдайда;
 
– бәстерге, ставкаларға, жүлделер ұтысына қатысу құқығын немесе басқа да сыйлықтарға төлем жасаған жағдайда;
 
– электрондық қалташаларды толтырған жағдайда («Яндекс.Деньги», WebMoney, Platezh.ru, QIWI және т.б.);
 
– жол чектерін, акцияларды және басқа да құнды қағаздарды, бағалы металдарды, лотерея билеттерін сатып алған жағдайда;
 
– телекоммуникациялық қызметтерге төлем жасаған жағдайда;
 
– шет елдік валютаны сатып алған жағдайда;
 
– қаржы құралдарын аударған жағдайда;
 
– Банк қызметтерін төлеген жағдайда, оның ішінде Картаны ұсыну және пайдалану туралы шартпен қарастырылған төлемдерді және пайыздарды.
 
 
Астана Банкі клиенттер тарапынан бейілділіктің артуына айрықша назар аударады және осы мақсатпен жаңа тиімді бағдарламалар мен қызметтерді енгізеді. Мысалы, мультивалюталық дебеттік төлем карталарының иегерлері ай сайын, шоттағы бір ай ішіндегі орташа қалдық сомасының жылына 14% көлемінде сыйақы алады, ал несиелік карталар иегерлері, тиімді мөлшерлеме бойынша 3 млн. теңгеге дейінгі қарыз құралдарын пайдалана алады және егер, қарыз 55 күн бойына өтелген жағдайда, пайыздарды төлеуден босатылады.
Сashback есептеу тәртіптері мен шарттары туралы толығырақ ақпаратты мына жерден қараңыз.