Барлық жаңалықтар
Fitch Астана Банкінің «Тұрақты» болжамды «В» рейтингін бекітті.

2016 жылға 12 сәуір, Алматы қ.. Fitch Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі Астана Банкіне «Тұрақты» болжамды «В» ұзақ мерзімді рейтингтерін бекітті. Агенттік өз қорытындысында банктің, реттеуіштің пруденциалды нормативтеріне жауап беретін жеткілікті капиталдандырылуын, кірістілігін және тартымдылығын көрсетті.

 Искендер Майлибаев, «Астана Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы:
«Мен ұзақ мерзімді несиелік рейтингті растауды, біздің жұмысымызды тәуелсіз сарапшылардың жағымды бағалауы деп бағалаймын. Астана Банкі еліміздің экономикасының өсімінің баяулауын, теңгенің бағамының төмендеуін және мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасының төмендеуін ескере отырып, соңғы жыл бойына тұрақты даму қарқынын көрсеткен болатын. Біздің банкіміздің тұрақты дамуы – бұл акционерлердің белсенді қолдауы жағдайындағы біз таңдап алған стратегияның тиімді жүзеге асырылуының нәтижесі».

Банк өзінің сервисінің сапасына баса назар аударады және жақын жылдарда заманауи қашықтықтан қызмет көрсету арналары – интернет-банкинг пен оның мобильді нұсқасы арқылы жеке тұлғалар мен бизнес субъектілеріне қаржылық қызмет көрсетуде нарықтағы жетекші орындарды алғысы келеді. Халық  және ірі компаниялар тарапынан болған сенімнің артуы банкке өзінің депозиттік базасын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, 2016 жылғы ақпан айында халықтың шұғыл салымдарының өсімі 6,7% көрсетті және аталмыш көрсеткіш нарық бойыншадан айтарлықтай жоғары болып табылады. 

 Астана Банкінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша негізгі қаржылық көрсеткіштері:
– Банк активтері 250,8 млрд. теңгені құрады (жыл басталғалы бергі өсім 26,7 млрд. теңге немесе 11,9%);
– Несиелік портфель 151,1 млрд. теңгені құрады (жыл басталғалы бергі өсім 18,9 млрд. теңге немесе 14,3%);
– Банктің міндеттемелері 227,1 млрд. теңгені құрады (жыл басталғалы бергі өсім 26,5 млрд. теңге немесе 13,2%);
– Депозиттік портфель 164,2 млрд. теңгені құрады (жыл басталғалы бергі өсім 19,1 млрд. теңге немесе 13,1%);
– Меншік капитал 23,7 млрд. теңгені құрады (жыл басталғалы бергі өсім 0,3 млрд. теңге немесе 1,2%):
– Таза пайда 280 млн. теңгені құрады.