Барлық жаңалықтар
Құрметті клиенттер!!!

 «Банк «Астана-финанс» АҚ (бұдан әрі - Банк) сіздердің назарларыңызға 2014 жылғы 15 желтоқсандағы КЗҚЛҚ[1] туралы Заңындағы өзгерістерге сәйкес, екінші деңгейлі банктер клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіруге,сонымен қатар сәйкестендіруді жүргізу барысындағы клиенттермен жұмыс істеу тәртібіне бағытталған бірқатар шараларды орындауларын қамтамасыз етуге міндеттейтін жаңа нормалардың күштеріне енетінін жеткізеді.


Бенефициарлық  меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу, Банк сұраныс жасайтын және клиент (оның өкілі) ұсынатын немесе басқа да көздерден алынған ақпараттар және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырылатын болады.


Жоғарыдағы баяндалғандарға байланысты, Сіздерге 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап, Банктің клиенттер мен бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіруге, клиенттердің салықтық резиденттілігін, оның ішінде FATCA [2]Заңы нормаларына сәйкес анықтауға бағытталған қосымша рәсімдерді өткізетін болады.


Мұндай мәліметтерді жинақтау және тіркеу Банктің қазіргі таңдағы бар және жаңа клиенттеріне (Банкке келіп жүгінулеріне байланысты) сауалнама жүргізу арқылы, сонымен қатар клиенттер – заңды тұлғалардың құрылтайшылары/акционерлері құрамы өзгерген және жеке тұлғалардың – клиенттердің өкілдері өзгерген/анықталған жағдайларда жүзеге асырылатын болады.


Сіздердің назарларыңызды, заңды тұлғалардың корпоративтік құжаттарын (жарғы, құрылтайшылық шарт, құрылтайшының шешімдері/жиналыстар хаттамалары), құнды қағаздар тізілімінен үзінді көшірме (акционерлік қоғамдар үшін) және т.б. тәрізді клиенттердің қосымша құжаттар мен ақпараттарды ұсынуының  қажеттілігін талап етуі мүмкін.


Жоғарыдағы баяндалғандарға байланысты, Банк барлық клиенттерінен – жеке және заңды тұлғаларды аталмыш жағдайға түсіністікпен қарауды және Банктің КЗҚЛҚ туралы Заңның ережелерін орындауы мақсатында қажетті құжаттар мен ақпараттарды, Банк қызметкерінің талап етуі бойынша ұсынуды өтініп сұрайды.


Құрметпен, «Банк «Астана-финанс» АҚ
________________________________________
[1] Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы»Заңы (10.06.2014 жылғы жағдай бойынша өзгерістерімен).
[2] АҚШ  «Шет елдік шоттарға салықтық бақылау туралы» Заңы.