Барлық жаңалықтар
«Банк «Астана-финанс» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырту туралы хабарлама.

Қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан орны:

 «Банк «Астана–финанс» Акционерлік қоғамының Басқармасы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-2 шағынауданы, 22-ші үй.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыртудың бастамашысы: «Банк «Астана–финанс» АҚ Директорлар Кеңесі.

Осымен, «Банк «Астана–финанс» АҚ Директорлар Кеңесінің 2015 жылғы 19 наурызда сағат 15 сағат 00 минутта (астана уақыты бойынша): Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-2 шағынауданы, 22-ші үй мекенжайы бойынша өтетін акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырту туралы шешім қабылдағанын хабарлаймыз. Акционерлерді тіркеу  көрсетілген күні сағат 10 сағат 00 минуттан 13 сағат 00 минутқа дейін жүзеге асырылатын болады.

Акционерлердің  кезектен тыс жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда, акционерлердің кезекті жиналысы 2014 жылғы 20 наурызда сағат 15 сағат 00 минутта (астана уақыты бойынша) осы мекенжай бойынша өткізілетін болады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқықтары бар акционерлер тізімі, 2015 жылғы 05 наурыздағы жағдай бойынша акциялардың иегерлері тізілімі негізінде жасалынатын болады.

Егер, акционерлердің жылдық Жалпы жиналысына қатысуға және дауысберуге құқықтары бар акционерлер тізімі жасалынғаннан кейін, аталмыш тізімге қосылған тұлға, өзіне тиесілі дауыс беруге құқылы акцияларын иеліктен шығарған жағдайда, акционерлердің жылдық Жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтетін болады. Сонымен бірге, жаңа акционер акцияларға арналған меншік құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Күн тәртібі:

  1. Банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау, Банктің Директорлар кеңесін жаңа мүшелерді сайлау, Банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің құзыреттері мерзімі, сонымен қатар Банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындағандары үшін төленетін сыйақылар мен өтемақылар көлемін анықтау және төлем жасау шарттары туралы.


Акционерлердің  кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібінің материалдарымен 2015 жылғы 19 ақпан мен 2015 жылғы 18 наурыз аралығында 09 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа (астана уақыты бойынша) дейінгі кезеңде: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-2 шағынауданы, 22-ші үй мекенжайы бойынша «Банк «Астана-финанс»  АҚ Корпоративтік хатшы Ж.Ж.Пирниязовтан танысуға болады.


Анықтама ақпаратты келесі ұсынылған телефондар бойынша алуға болады: - +7 (727) 259 60 60 (ішкі 12122).


 «Банк «Астана-финанс» АҚ
Директорлар кеңесінің Төрағасы                                                                                    О. Тохтаров