Барлық жаңалықтар
Жастарды қолдау – бұл еліміздің болашағына салынған инвестиция.

 Назарбаев Университетінде «Астана Банкі» АҚ, «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының жіне студенттердің қатысуымен шара болып өтті. «Астана Банкі» АҚ Назарбаев Университетіне екі микроавтобусты сыйға тартты және бе дарынды студенттерге тоқсан сайынғы шәкіртақыларды бөлді.


«Астана Банкі» АҚ демеушілік көмегі «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының инновациялық және әлеуметтік маңызды жобаларын, Назарбаев Университетіндегі бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған демеушілік көмекті тарту бойынша фандрайзингтік қызметі шеңберінде көрсетілді.


«Назарбаев Университетінің атынан, Астана Банкінің өкілдеріне алғыс айтқым келеді және студенттерге  жасалынған қаржылық көмек үшін алғыс айтық келеді. Бұл студенттер үшін жақсмы ынталандыру және ЖОО мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады. Қазіргі қиын уақытта, Астана Банкінің студенттерді қолдау бойынша дәстүрлерді жаңғыртып отырғаны жағымды жаңалық», - деп атап өтті Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық бойынша Вице-президент Кадиша Даирова.


 «Астана Банкі» АҚ университетке екі автокөлік құралын сыйлады, ал ағымдағы жыл бойына банктің шәкіртақылары Назарбаев Университеттің  бес студентіне берілетін болады. Көбіне Астана Банкі мен Назарбаев Университетінің жастар саясаты бойынша стратегиялық көзқарастары мен идеологиясы сәйкес келеді. Банкте жастарға – Қазақстанның болашағына, олардың денсаулықтарына, таланттарына, сонымен бірге зияткерлік әлеуетіне инвестиция сала отырып көмектесу маңызды деп санайды. Жақын арада Астана Банкі Универсиада 2017 демеушісі болды, ал банктің басшылығы алау ұстаушы ретінде қатысты.


Назарбаев Университетінің бес таңдаулы студентіне тоқсан сайынғы шәкіртақыларға арналған сертификаттарды «Астана Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасының кеңесшілері Кайрат Айтбай және Руслан Оразбаев табыстады. «Бүгінгі таңда Назарбаев Университет Қазақстандағы жетекші ЖОО болып табылады, оның қабырғасында жастардың талантты өкілдері білім алуда. Астана Банкі әртүрлі бағыттардағы қазақстандық жастардың жобаларын дамытуын және қолдауын жалғастыратын болады.  Және біз біздің ең батыл бастамаларымыз бойынша Назарбаев Университетімен табысты ынтымақтастықтан үміттенеміз», - деп атап өтті Руслан Оразбаев.


«Сіздердің банктеріңіздің белсенді пайдаланушысы және бейілді клиенті бола отырып, сіздердің Назарбаев Университетінің студенттеріне көрсеткен демеушілік көмектеріңіз білгеніме қуаныштымын, ол үшін алғысымызды білдіреміз. Барлығы біздің еліміздегі білім берудіңс дамуына Сіздердің көрсетіп отырған  қолдауларыңызды тиісінше бағалағанына сенімдімін», - деді студенттік қауым атынан Инженерия мектебінің 4-ші курс студенті және Студенттік үкіметтің Бюджеттік комиссиясының төрағасы Нурсеит Курмантаев.