Барлық жаңалықтар
Балаларға арналған төлем карталары – шынайылық бұгінгі күні!

Қазақстанда алғашқы рет «Астана Банкі» АҚ Angry Birds танымал ойынының негізін құрушы,  Rovio жаһандық брендінің қолдауымен, балаларға арналған төлем карталарын іске қосады.


Астана Банкі ізашар болып қалады және қазақстандық нарықтағы ең инновациялы және технологиялық бола отырып, ең күшті жобаларды іске асыруда. Оларға жас қазақстандықтардың алдында әлеуметтік жауапты болып табылатын, балаларға арналған карталарды шығару қызметі қазақстандық банк қызметтері нарығында теңдессіз болып табылады. Неге? Өйткені, балалар пластик карталардың көмегімен, қаржылық сауаттылыққа үйренеді, өздері ақша тауып үйренеді, ата-аналарының уақыттарын және олардың отбасыны қамтамасыз етуге арналған шығындарын бағалап үйренеді. Rovio жаһандыө брендімен ынтымақтастық кездейсоқ емес. Балаларға арналған төлем карталары, сүйікті қаһармандары батыл Angry Birds құстарының бейнелерімен шығарылатын болады, бұл оларға балалар аудиториясының алдында үлкен құндылық береді.


Балаларға арналған төлем карталары әдеттегі карталар тәрізді қасиеттерге ие. Олар бойынша сатып алуларды төлеуге, қаржы құралдарын шешуге, қаржы құралдарын аударуға, ең бастысы – қаржылық сауаттылықтың алғашқы принциптерін үйретеді, бұл біздің заманымызда аса маңызды. Аталмыш жобаның бірегейлігі, ата-аналарда балаларының мектептегі үлгерімдерін көтеруге, қаржы құралдарымен ынталандыру арқылы үй жұмыстарына көмектесуге немесе кітап оқуға  қосымша ынталандыру мүмкіндігі туындайды. Осылайша, арнайы жасалынған www.kidcard.kz сайтында, картаға тапсырыс беруден бөлек, ата-аналары балаларына дербес тапсырмаларды жіберу мүмкіндігі бар профайл аша алады. Тапсырмалар әртүрлі болулары мүмкін, мысалы – математика бойынша бес ал және 2 000 теңгеге ие бол. Аталмыш жобаның тағы да басқа маңызды аспектісі, балалар мен ата-аналарының ортасындағы өзара қарым-қатынасты өрбіту және бекіту болып табылады. 
Балалық шақта алынған қаржылық дағдылар, сөзсіз оларға есецгенде қажет болады.  Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында, мұндай төлем карталарына тапсырыс беру сіздің балаңыз үшін тамаша сыйлық болады және жаңа білім мен мүмкіндіктерге арналған есіктерді ашады. Карталарға алдын-ала тапсырыс беру бүгіннің өзінде www.kidcard.kz сайтында қол жетімді. Карталар 7-ден 16 жасқа дейінгі балаларға арналған.  Ата-аналарға балалар барлық ақшаларына қымбат ойыншық алады дей ойлаудың қажеті жоқ. кез-келген балаларға арналған картаға толтыруға және банкоматтарда қолма-қол ақшаны алуға және сауда үйлерінде  есептесуге арналған күндік, апталық немесе айлық шектеу орнатуға болады. Сонымен қатар, онлайн сауда жасауларға шектеулер қоюға болады. Ата-аналар мобильді қосымша арқылы баланың барлық  шығындары мен сатып алулары туралы толық ақпаратқа ие болады.