Барлық жаңалықтар
Астана Банкі онлайн-төлемдердің қауіпсіздігін арттырады және 3D Secure технологиясын енгізеді.
13 ақпаннан бастап Астана Банкі Интернет желісінде картамен төлем жасау барысындағы қауіпсіздікті арттырады және 3D Secure технологиясын енгізетін болады.
 
SecureCode Банк Астаны
Енді, 3D Secure* технологиясын қолдайтын интернет-дүкендерде және онлайн-сервистерде операцияларды жасау барысында, Астана Банкінің төлем карталарының иегерлеріне автоматты түрде сатып алуды растауға арналған бір реттік коды бар тегін SMS-хабарлама жіберілетін болады. Аталмыш кодды төлем жасау барысында енгізу қажет.
 
3D Secure сервисі қосылуды талап етпейді және Банктің клиенттері үшін тегін болып табылады.
 
Сіздерден, SMS төлем картасын ашқан кездегі Өзіңіз Банкте көрсеткен нөмірге жіберілетініне назар аударуларыңызды сұраймыз.
  • Егер, Сізде SMS-құлақтандыру қызметі қосылған болса (Сізге карта бойынша жасалынған операциялар туралы SMS келеді), онда нөмірді растау талап етілмейді;
  • Егер, Сіз Өзіңіздің телефон нөміріңіздің Банкке белгілі екендігіне сенімді болмасаңыз, онда Сіз аударымды www.easytransfer.kz арқылы өткізуге болады немесе шамалы төлемді killbill.homebank.kz сервисі арқылы (мысалы, ұялы байланысқа төлем жасау) тырысып көруіңізге болады. Егер, Сіздің телефоныңызға SMS-хабарлама келмесе, онда Сізге байланыс орталығына хабарласу және нөмірді тексеру қажет;
  • Егер, Сіздің нөміріңіз сөндірулі болса, онда Сіз Астана Банкінің байланыс орталығына жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, өзгерістерді енгізу үшін 2555 немесе +7 (727) 2596060 нөмірлері бойынша хабарласа аласыз.
 
Кез-келген жағдайда картаның деректемелерін құпия сақтау (оның нөмірін, жарамдылық мерзімінің аяқталу мерзімін, иегерінің атын және кері жбетіндегі құпия кодты), оларды бөгде тұлғаларға хабарламау және карталар бойынша алаяқтық операциялар тәуекелдерін төмендету үшін Интернетте жарияламау қажет.
 
3D Secure қолдайтын сайттарда келесі ұсынылған логотипті орналасуының қажет екендігіне назар аударыңыздар:
 
MasterCard SecureCode
* 3D Secure технологиясы 2017 жылғы 17 ақпанға дейін кезең-кезеңдеп енгізілетін болады. 3D Secure технологиясы – бұл интернет желісіндегі тауарлар мен қызметтерге төлем жасау барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің салалық стандарты.