Барлық жаңалықтар
Кеңес Ракишевтың «Астана Банкі» АҚ акционерлері құрамынан шығуы.
«Астана Банкі» АҚ Кеңес Ракишевтің Банк акционерлері құрамынан шығатындығы туралы хабарлайды. Банктің акцияларын сату бойынша келісім жоспарлы болып табылады, өйткені мұндай шешім Банктің дамуының ұзақ мерзімді стратегиясында қарастырылған болатын.
 
Кеңес Ракишев:
«Астана Банкі – бұл еліміздің жас және жылдам өсіп келе жатқан қаржы институттарының бірі, оның даму қарқыны басқарушылық шешімдерді қабылдаудың шұғылдығы мен сыртқы ортаның өзгерістеріне реакцияға тәуелді, таңдап алынған мобильді банк стратегиясы басшылықтан және меншік иелерінен максималды қажеттілікті және тұрақты назарды талап етеді. Орын алған жағдаяттарды және басқа да қаржы жобаларын дамытуға тікелей қатысуымның қажеттілігін ескере отырып, мен өзімнің іскерлік әріптесім Олжас Тохтаровпен, сонымен қатар банктің топ-менеджментімен талқылаудан кейін, жауапкершілік аймағын оңтайлы бөлуге мүмкіндік беретін шешім қабылдадым!».
 
Олжас Тохтаров:
«Банктің қарқынды дамуы және жоспарланған бизнес-көрсеткіштерге қол жеткізу, таңдап алынған даму векторының шынайылығының таңдаулы көрсеткіші болып табылады. Мен,  өзіміздің бірлескен ұзақ мерзімді жобаларымыздың іске асып жатқанына қуаныштымын. Біздің әрқайсысымыз бизнес бойынша серіктесімізге, біздің тандем үшін дамудың жаңа көкжиектерін ашатын, жаңа жобалармен шұғылдануға мүмкіндік бере отырып, басқару тетіктерін қабылдауға дайынбыз!».
 
2015 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша Банктің ірі акционері, сонымен бірге Астана Банкінің Директорлар Кеңесінің Төрағасы лауазымын атқаратын Тохтаров Олжас (үлесі 69,7%) болып табылады. Кеңес Ракишевке тиесілі акциялар топтамасын сату бойынша келісім, 2015 жылғы 30 шілдеде жабылды, келісімнің сомасы және шарттары жарияланбайды. Акционерлердің жаңа құрамы Қазақстандық қор биржасының тізбесінде жарияланатын болады.
 
Банк өткен 2014 жылды келесі оң көрсеткіштермен аяқтады:
  • Активтердің өсімі 48 млрд. теңгеге (ұлғаю 60%).
  • Салымдар мен депозиттердің ұлғаюы 37 млрд. теңгеге (ұлғаю 63%).
  • 1,4 млрд. теңге мөлшеріндегі пайда (ұлғаю 2013 жылмен салыстырғанда 44%).
  • Банктің жарғылық капиталының акционерлердің ұлғайтуы 20414 жылы 3,5 млрд. теңгені құрады, бұл да акционерлердің таңдап алынған стратегияның және оны жүзеге асырудың дұрыстығына сенімділіктерінің бір дәлелі болып табылады.
  «Астана Банкі» АҚ Баспасөз қызметі
телефон: +7 (727) 2596060 (ішкі.12052)