Барлық корпоративтік оқиғалар
«Астана Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімі жайындағы ақпарат.

1) акционерлік қоғамның толық атауы және орналасқан орны - " Астана Банкі " Акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, Көктем-2 шағынауданы, 22 үй;

2) Директорлар кеңесі отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны - 20.11.2015 жыл, 17 сағат 00 минут, Алматы қ., Көктем-2 шағынауданы, 22 үй;

3) Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне қосылған сұрақ – «Астана Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің  Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және күн тәртібін бекіту туралы;

4) Директорлар кеңесі қабылдаған шешім, дауыс беру қорытындысын (нәтижелерін) көрсете отырып -

1. «КПМГ Аудит» ЖШС аудиторлық компаниясының 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл бойынша, ҚЕХС сәйкес дайындалған, Банктің қаржылық есептілігіне аудит жүргізуіне қолдау білдіру.

2. Келесі күн тәртібімен, Алматы қ., Көктем-2 шағынауданы, 22 үй мекенжайы бойынша, 2015 жылғы 23 желтоқсандағы өткізілетін Банк акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысын шақыру:

- ««КПМГ Аудит» ЖШС аудиторлық компаниясын 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл бойынша, ҚЕХС сәйкес дайындалған, Банктің қаржылық есептілігіне аудит жүргізуін анықтау жайында».

3. Банк акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысын өткізу уақытын 15 сағат 00 минутқа белгілеу (астана уақыты бойынша). Банк акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жиналысын сол мекенжай бойынша және сол күн тәртібімен 2015 жылғы 24 желтоқсанға 15 сағат 00 минутқа белгілеу (астана уақыты бойынша).

3. «Астана Банкі» АҚ акционерлеріне акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысын шықару және өткізу туралы хабарламаны заңнамамен белгіленген тәртіпте жіберу.

5) акционерлік қоғам шешімі бойынша басқа да мәліметтер – жоқ.